Қысқы көңіл күй


><  

2010


   

Қысқы көңіл күй

Қиын болса да, қайтесің,
Жасқа толды
жанарың.

Көнесің, жаным, көнесің,
Қанша енді амалың?

Иіскеп алсан да жейдесің,

Өшпес енді жүректен мұң,
Қайтесің, жаным, қайтесің,
Шықпай қойды-ау бүгін күн.

Білемін, сүйесің де күйесің,
Айға қарап, қарағым.
Түсте мүмкін көрерсің
Ашылған күннің қабағын.

Не істерсің, жаным, не істерсің,
Тым кеттің өзің қайғырып.
Бәлкім, басқа жанды іздерсің,
Бақыт құсын қондырып.

17 ақпан, 2010 жыл

 


 

Оставить комментарий
(нажмите)

Hosted by uCoz