Сенсіз өмір толмасқа


><  

2010


   

Сенсіз өмір толмасқа

Айналайын гүлбағым,
Қалайша сені сүйемін?
Жұпар тәтті иісіңді
Кездеспей-ақ сезгенмін.

Білемісің адамзат
Тоғысқан тағдыр мекенін?
Сүйгенімді сол жолға
Жолықпай-ақ білгенмін.

Жүр ғой міне дәлелдеп
Сезімге толы жүрегім.
Үш жыл сені қуантып,
Саған құмар екенін.

О, Тәңірім! О, Жаратқан!
Періште емеспін, пендемін.
Сенсіз өмір толмасқа
Қайта туып келемін!

3 ақпан, 2010 жыл

 


 

Оставить комментарий
(нажмите)

Hosted by uCoz