Құлыным


><  

2009


   

Құлыным
(жиеніме)

Жүр ғой күнде қасында
Қиналып туған ақ анаң!
Сүйіп, иіскеп маңдайыңнан
Шаршап, құлап бақыттан.

Қырсық міңезін бойыңа
Жұғып қалыпты атаңнан.
Қуаныш тусын басыңа,
Қымбат күлкің алтыннан!

Саған да келді той бүгін
Есік қағып даладан.
Туған-туыс жиналып
Шығарып жатыр қырқыңнан.

Екі апаң мәз жүрсе,
Күшін жинап, баладай
Ойнап сені күлдірсе
Келер қуат таусылмай!

Алла жазсын бакытты
Сен сияқты балаға.
Мақтан етер казақты
Сай келсін ісің атына.

12 ақпан, 2009 жыл

 


 

Оставить комментарий
(нажмите)

Hosted by uCoz