Қайтер едің...


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Қайтер едің...

Қайтер едің жаным-ау, қайтер едің
Сүйіп қалсаң, бір жанды білер едің,
Мендегі ғашық  оттың бір алауын.
Сонда ғана сен оны сезер едің.

Сенер едің, ессіз-туссіз жүрегіңмен
Сезер едің, мен сияқты сезіміңмен.
Қайтер едің сезген, сенген жүрегің
Білсең егер махаббатқа сенбегенін.

Қайтер едің алтыным қайтер едің,
Мына мендегі сезімді саған берсе?
Сен сонда төзіммен көнер медің,
Сүйген жаның махаббаты сезінбесе.....

Қайтер едің жан-сәулем қайтер едің
Сүйген жаның сен мені ұмыт десе?
Махаббат көліне қонар медің,
Көл бетінде еш жан сені күтпесе...

17.05.2010ж

Hosted by uCoz