Қайда кеттің тастап мені?


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Қайда кеттің тастап мені?

Жалғыз жүрек жабықты ма жалғыздан,
Арман қыйял ұшып барат сан қырдан.
Өзің келіп жаққан отты жүректе,
Неге жаным тастап кеттің жалғыздан.

Тастап кеттің жаққан отта күйдіріп,
Өткен күндер елесінде қалдырып.
Өзің келіп жағып кеткен жалынды,
Өзің кетіп кеткенің ба өшіріп.

От пен бірге өшіп жатыр жүректе,
Өзің мені тастап кеткен түнекте.
Жарық қайда махаббаттан жаралған,
Өзіңменен бірге жанған жүректе.

02.08.2010

Hosted by uCoz