Көктем кеші


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Көктем кеші

Ойсыз қамсыз жүргенде
Көктемнің самал кешінде
Кезікті бейнең алдымнан
Іздеген жаным сенсің бе

Адасып жүрген мен едім
Жол сұрап саған кеп едім
Бейтаныс ару жүзіңнің
Кетпесін ойдан  білмедім

Жақындап саған келгенде
Сыңғырлап сен күлгенде
Бұрын соңды көрмеппін
Сұлуды сендей бұл күнде

Сөйлесе біз кеттік тез
Сезімді кім сезінбес
Жүргендей күнде арласып
Әңгіме айыттық біз бітпес
 
Таңғалдым мына өмірге
Бұлай болуы мүмкін бе
Бейтаныс менің аруым
Қоштастық қыймай сол түнде

Өтті де кетті бәрі тез
Уақыт жүйрік жеткізбес
Ойлап жүрмін мен сені
Әттең бірақ тек елес

14.04.2011жыл

Hosted by uCoz