Жұлдызым менің


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Жұлдызым менің

Кезіктірдім кеше кеште өзіңді
Кіре сала көзім шалды көркіңді.
Неткен көркем, жан еді-деп мен сенен,
Ала-алмай қарап тұрдым көзімді.

Көзің мөлдір жаутаң-жаутаң етеді.
Кірпіктерің самал желдей еседі.
Нәзік бетің аппақ екен арайлым.
Көрген адам ғашық болмай қайтеді.

Естіп едім сұлу деп мен сені.
Көрген едім суретіңді еркелі.
Бірақ кеше сене алмадым өзіме,
Неткен сұлу, неткен көркем деп сені.

Қызыл ерін балдай болып көрінген.
Қара шашың толқындай боп төгілген.
Асау жүрек бәсең соқты көргенде.
Дайынмын деп бір жүруге өзіңмен.

Кеше түнде ойлап сені шықтым мен.
Талай жерге барып қайыттым өзің мен.
Бірақ әттең тек ойымда болып жүрсің сен,
Шын өмірде жұлдызымсың көрінген.

07.04.2011жыл

Hosted by uCoz