Бір белгі


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Бір белгі

Күн батты жаздың самал кеші келді
Өзіңсіз күндер мені күтеді енді
Сен мені сүйгін келді сүйе алмадың
Мен болмасам сүйгенің ол кім еді

Тағдыр өмір сызылған жол секілді
Шығып кетсең не боларын кім біледі
Өткен күндер елесі жатыр күтіп
Ұйқысыз түндер мені тербетеді

Сендей сірә болмас ешкім енді
Кешір жүрек жалғыз боп қалдың енді
Бұл өмірде бола бермес ойлағаны
Өмір өзі оқытар бұл пендені
 
Ән мен енді жұбатамын жүрегімді
Махаббатым бола берді неге мұңды
Жыр мен жазып келемін жолдарымды
Оқығанда оңай болар сезінуді

28.06.2011

Hosted by uCoz