Елес
Өзіңді жүрек
іздейді
Сағынышты жамылып.
Елесің көзден
кетпейді
Қалар ма деп
табылып.
Сарғайып жүрек
сағынады
Бірге өткен
күндерді.
Мұңайып кейде
жабығады
Есіме алып түндерді.
Өткен жанды өзіңе
Жүрек кейде
ұқсатады.
Сен болмасаң,
түңіле,
Жүрек өзін жұбатады.
Жабырқаулы жүрегім
Іштен енді түңіледі.
Жасқа толы көздерім,
Көз жасымды кім
сүртеді.
13-желтоқсан 2011жыл |