Үнсіз жүрек


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Үнсіз жүрек

Күндерім менің өтуде.
Бәрінің түсі біркелкі,
Көп жағдай бастан өтуде
Түк болмағандай секілді.

Себебі соның сенсің бе,
Кеткенің менен алысқа.
Жүрегім соғады сенсіз де
Сезбеймін бірақ, бұл дұрыс па?

Сезбеймін жүрек соққанын,
Кеудемде жаным бар бірақ.
Кімге кінә тағармын
Оралмайсын рас бірақ.

Жүрегім қалды үнсіз боп.
Салар әні сен едің
Айтар болсақ себеп көп,
Сенде бәрін білесің.

Қоштасқан кезде екеуміз
Қалды сұрақ көп бізде
Келесі жолы шешерміз
Деп алдадық жүрекке

18.07.2011жыл

Hosted by uCoz