Сөнген сәуле


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Сөнген сәуле

Арман қиял бір еді жалғыз сенімен
Өзің жаққа жүрдім мен жаутаңдаумен
Сүрінген кездер кейде болып жатты
Амал қанша бұл өмірдің заңы деумен

Өмір заңын қайтесін бұйрық бар ма
Өз-өзімді алдап жүрдім шыдап ғана
Сүйер екен деп сені күтіп едім
Бұрылмастан кеттің сен қарайлама

Қарайлама мені сен сүйеді деп
Менде сезім болмағансоң керегі деп
Кете бер ойлан ба да толған ба да
Сағыныштан сезімге күйеді деп

Жазығым болды менің шын сүйгенім
Күнде саған жаным-деп сөйлегенім
Шын махаббат сенімен армандап ем
Кету болса қайтемін көксегенің

18.04.2011жыл

Hosted by uCoz