Соңғы хат


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Соңғы хат

Сұлу көркің көз тоймайды қараса
Қыйылып тұр қасың саған жараса
Көрген адам қалай шыдар ұнатпай
Сенен асқан сұлу жоқ ау расында

Алғаш сені көрген сәтте ұнаттым
Ұнаттым да жаздым хатты ұзақтым
Отырдым мен бір өшіріп бір жазып
Ұнатпай қала ма деп қорықтым

Ұнаттың сенде мені ойланбастан
Сөйлесушек түні бойы ұйықтамастан
Алда не тұр еш уақыт ойланбаппыз
Нәр алып екеуміз махаббаттан

Арман-қиял екеумізде бір едіғой
Бір Алла куә оған біледі ғой
Уақыт шіркін тоқтамай өтіп кетті
Бір жарым жыл өткенін білмеппізғой

Келді сосын тосын сый біз күтпеген
Шынын айтсам бұндай сыйды мен күтпегем
Хатың келді қара бұлттай төніп маған
Кешір мені асылым қош бол деген

Хатпен бәрін сен маған баяндададың
Басқа жанды тапқаныңды саған жаным
Хатпен бірге асылым шыдай алмай
Көз жазыңның жиберіпсін тамшыларын

Мен үшін шешті бәрін отбасым деп
Кешір жаным өкпең маған болмасын деп
Өмір бойы сүйіп өтем мен өзіңді
Бір Аллам сені енді қолдасын деп

Хат жазып іздеп мені әуре болма
Деп жазыпсың хатыңның соң жағына
Семен өткен күндерім ертегі деп
Ертегінің келдік біз деп соңына

Отырдым өз-өзіме келе алмай
Жазған сенің сөздеріңе сене алмай
Бірге жүрген жолдарға ұзақ қарап
Кеткеніңе сенің мен сене алмай.

03.06.2011жыл

Hosted by uCoz