Асыл-аға
Өмір шіркін аға берер ағынмен
Асыл аға сағынамын сені мен
Қай кезде де табылатын қасымнан
Ағаларым аман жүрші менімен
Қанша ауыр қыйын болса бұл өмір
Жан ағатай дем бересің өзің бір
Мен қуанам сіздей жанның барына
Аллам менің ауыртпасын сізді бір
Қыйналғанда ауры мына өмірден
Табыласың әр өзің көңілден
Асыл аға менде жүрең қасында
Қамал бар ма алынбаған өзіңмен
|