Сен


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Сен

Жаным-ау сені ойлаумен өмір өтуде
Қараңғы түнек келгендей мұңлы көңілге
Бір жанып өшкен жұлдыздай болдың мен үшін
Қолымды созып жете алмай қалған түсімде

Арманба бұл жалған ба екен сол күндер
Келді да кетті асығып неге ол түндер
Қайтейін енді жанымау сені жырлаймын
Көңілге өшпес жыр салып кетті сол күндер

Сағыныш болды өмірім менің арайлы
Сағынып сені ойлаумен өтті сарғайды
Жаным-ау сені тек сені сүйіп өрейін
Бақытты күндер өзіңмен ғана тарайды

Ардағым менің арайлым менің арманым
Сағыныш болып қаладың неге ар таңның
Бағым ба жок арманым ба екенсін
Өзіңмен бірге өткен күндер өшпесін.

Hosted by uCoz