Сағыныш түні
(немесе
Түнгі кездесу)
Қыйын екен бауыр басып
Сол адамнан айрылған
Күнде жүрген қол ұстасып
Сағынышпен табысқан
Тағы жалғыз кетіп барам
Бірге жүрген бақта мен
Дауыс шықса сеніп қалам
Кеп қалар деп сені мен
Ұйықтап жатып сөйлеп жатам
Жатқандай сені жанымда
Қайта тұрып қайта жатам
Кеп қалар деп расында
Кеткеніңді сезбеген ем
Менен кетіп қалсаңда
Себебі сені күнде көрем
Түнде ұйықтап жатқанда
Сен кеткелі қанша уақыт
Өтіп кетті зуылдап
Басқа жаннан болмас бақыт
Деп келемін мен бірақ
25- қараша 2011жыл |