Сағыныш бағы


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Сағыныш бағы

Кеше бардым мен тағы біздің баққа
Біз отыратын отырдым мен орындыққа
Отырдым да қарайладым жан-жағыма
Дегендей сені жаным кеп қалама

Баққа көктем келіпті жадыраған
Ақ қайын көктеп тұр нұрын шашқан
Сол ақ қайында әлі тұр есіміміз
Жазған едік кеште сол біз қыймаған

Бірер уақыт өткізіп ара да мен
Қалтамнан суретіңді алып қараған ем
Сурет ғана жаныма жалау боп жүр
Жүректегі ауырған жараға ем

Жүрегімді алдап қойам амал қанша
Тағдырым солай менің жазылған ба
Күнде кеште отырмамын біздің бақта
Үмітімді өшірейін қалай ғана

Күнде батты ұясына қайтайын мен
Қоштасайын енді мен ақ қайын мен
Бізді қыймай тұрушен ақ қайын-ау
Айытшы жалғыз қай жаққа барайын мен.

19.04.2011жыл

Hosted by uCoz