Өткен жолдар
(Ізсіз
жолдар...)
Көңіл толқын, өмір сылқым
Өкпең бар ма біздерге?
Сені сүйдім ойлап әр күн
Теңестірмей өзгеге.
Таңдар атты, күндер өтті
Зулап аққан өзендей.
Алып ұшып жаз да келді
Күздің барын білдірмей.
Ойлайтын да шығар мені –
Жалғыз не істеп жүр екен...
Қайдан білем, мені саған
Қоспай жүрген кім екен...
Бақтар жайнап гүлдеп жатыр,
Құстар сайрап қиқулап
Жүрегімде бір мұң жатыр
Оның емі жоқ бірақ.
Самал желмен тербеледі
Сыбдыр қағып қайыңдар.
Алда не тұр кім біледі,
Өмір, қандай сыйың бар?
Біздер жүрген жолдар жатыр,
Өткен іздер жоқ бірақ...
Ешкім басқа жүрмей жатыр,
Ойлайтындар көп бірақ...
23.06.2011жыл
|