Нұрлы көктем


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Нұрлы көктем

Көктем келді кең далаға нұрланып
Кеткен құстар келіп жатыр жыр етіп
Мен отырмын сол құстарға қарайлап
Үмітпенен жолға қарап түнеріп

Келермекен келмес бекен білмедім
Ешқашан да үмітімді үзбедім
Көктемменен махаббатым келер деп
Махаббаттан үміттеніп келемін

Ғашық адам көктем келсе нұрланар
Өзіңді іздеп жүрек шіркін жыр жазар
Әнге салып күнде сені айтамын
Сүйсең күтсең махаббатың оралар

Сұлу көркің көз алдым да тұр менің
Сағыныштан ұйқыны мен білмедім
Қайран жүрек сүйіп қалса қыйын ғой
Қалай енді шыдарымды білмедім.

Hosted by uCoz