Қайтемін
(Қазақ
тілі)
Қайтемін өз жерімде күле алмасам.
Шын достармен сыр бөлісіп жүре алмасам,
Қайтемін үміт күткен адамдарым,
Жақсылықты олардан да көре алмасам
Бұл заман әлсіздерді құртқан заман
Өзге ұлттың көсемдері тұрған заман
Өз елінде өз тілімен сөйлемейтін
Бізден басқа жоқ шығар бұндай ғалам
Жастар жүр көтере алмай еңселерін
Қарттар жүр шығара алмай көксегенін
Өз жерінде өзге ұлттың көсемдерін
Басшылар жүр көтеріп еркелігін.
Қайтемін жазған тағдыр солай болса
Қазақ тілде сөйлесең қуып, жықса
Өз жеріңде өз тіліңмен сөйлей алмай
Басқа тілде сайрағанның рухы қанша
12.09.2011жыл
|