Амалым қанша
Амалым қанша амалым қанша амалым
Қиялмай сені қимай сені барамын
Сағынышқа толы сарғайған сол бір күндерім
Бір сені күтіп бір сені іздеп келемін
Сағынам сені асыл арман ардағым
Сағынсам сені далада жалғыз қаламын
Үмітім өшіп үмітім өшіп барама
Білмеймін сенсіз болашаққа қалай барамын
Өзіңмен өткен бақытқа толы күндер-ай
Өзіңмен өткен оралмас сол бір түндер-ай
Сол күнді оилап күндерім өтіп барады
Оралмай кетті-ау жүрекке нұрлы арман-ай
Амалым қанша амалым қанша амалым
Сағынышпенен сарғайды менің жанарым
Өзіңсіз менің өмірім өшіп бара-ма
Оралшы қайта сағынған менің самалым
Сағынам сені сарғайып күнім батқанда
Сағынам сені бозарып таңым атқанда
Іздеймін сені жабығып жалғыз қалғанда
Күтемін сені соңғы күнім батқанша...
Келерсің мүмкін жабығып жалғыз жатқанда
Оиларсың сенде қызықты сол бір шақтарды
Махаббат мәңгі ердегі деген қазақта
Ертегісіз жаным өмірдің босын ұмытпа...
Тілеймін саған бұл өмірде бақытты
Өмірің өтсін қызықты күнмен шаттықты
Ұмытпашы тек мендей жанның барында
Өмірде жүрген сағынып сенің бір өзіңді...
Ұмытпашы сен бірге жүрген күндерді
Бақытқа толы қуанышты сол бір түндерді
Ұмытпашы жаным тек жаным ұмытпа
Оралар қайта ұмытпасақ сол бір күндерді
Оралшы қайта асылым жаным ардағым
Өзіңсіз өткен күндерге мен қапамын
Не болды бізге осылай бәрі біте ма
Шындық па сонда өзгені сүйіп қалғаның
Сенбеймін жаным сенгім де жаным келмейді
Сенгенмен сенен алыстап кеткім келмейді
Өмірім өтер сағынумен сенің өзіңді
Амалым қанша өзгені сүйгім келмейді. |