Жалғыздың зары


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Жалғыздың зары

Сүріндім ба құладым ба білмеймін.
Ем далада жүргендеймін сенделдім.
Күліп жүрген қасымдағы жақындар
Олардан да жылу таппай мұңға ендім,

Тағдыр тарам-тарам өмір ұсынған.
Бұл тағдырдың сырын бірақ кім ұққан.
Құладым мен көмектесер ешкім жоқ,
Жатырмын мен тұра алмай орнымнан.

Ойлар-ойлар, ойлар маза бермейді.
Бірақ ойлар көмек маған бермейлі.
Жараланған құлап жатқан жалғызға
Неге ешкім қол ұшын бермейд.і

Дұшпандарым күліп маған өтуде
Күлгендері сүйегімнен өтуде
Тағдыр қатал қатал жолын ұсынса
Жылап оған жүрек шіркін төзуде.

Кейбіреулер жаны ашып қарайды
Жетімге олар мені бірақ балайды
Құлап жатқан жансыз мына жалғыздың
Қанша күні қалды екен деп санайды.

7- қыркүйек2011жыл

Hosted by uCoz