Хат жазып тұр
Білем
жаным, кетер күнің жақындап тұр
Өткен күндер
алыстан қол бұлғап тұр
Жақындап тұр
қоштасар мемен күнің
Мені жаным ұмытпай
хат жазып тұр
Хат жазып тұр мені
ойлап әрбің таңда
Маған жазған
хатыңмен бастайсың да
Хат жазбасаң
болармын мен көңілсіз
Соны алтыным
ешқашан сен ұмытпа
Мен жүрермін сенсіз
енді амал қанша
Ең бастысы сен аман
бол уайымдама
Махаббаттың бұл да
бір тармағы ма
Қоштасып
сүйгеніңді қарсы алуда
Жазған сенің
хаттарың мен күн көрермін
Азығым боп хатың
жүрер күнде менің
Арайлым-ау сенде
бәрі жақсы болса
Мен әйтеуір
тіршілік пен күн көрермін
Күн көрермін
білдерместен мен мұңымды
Мұңымды айтып тек
қана түнге сырлы
Хат жазып тұр
боташым сен ұмытпай
Хатыңды оқып
өткізермін күндерімді
5
сәуір,
2013жыл |