Сенен қалған ертегі әлем


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Сенен қалған ертегі әлем

Болашаққа енді қараймын қалай
Саламыз деушек зәулім сарай
Қалды ма енді бәрі де жаным
Қалдым мен жалғыз жылай-жылай

Армандап біз арайлы бақты
Сол бақ енді арман боп қалыпты
Жайнаған сенің сезіміңді
Жаным-ау менің кім келіп жапты

Үміттің оты жалындап жанған
Сөнді ғой енді мендегі арман
Армансыз адам қанатсыз құс па
Өмірде жүрмін өзіңнен қалған

Шыққым келмейді сол өмірден
О махаббат неткен күшті ең
Өзіңмен өткен аз ғана күнім
Бүкіл өміріме тең келмесең

Осы жаным мендегі өмір
Өзің деп соғады мендегі көңіл
Қайтемін жаным қайтемін енді
Көрінші маған соңғы рет сен бір

13 шілде, 2012 жыл

Hosted by uCoz