Мен сені сүйемін амал қанша


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Мен сені сүйемін амал қанша

Білем мен сүйіп мені жүргенің жоқ
Менсіз де сенің жаным көңілің тоқ
Неткен қырсық неткен қатал бұл махаббат
Менің саған шын мәнінде керегім жоқ

Әурелеп өзіңді сен жүрсің бірақ
Келмейді меніменен болғын бірақ
Қайтейін менде амал басқа барма
Білсем де амал жоқтан жүрмін шыдап
 
Кетсең кет кете бер деп айта алмайм
Сүйем сені амал қанша жасыра алмайм
Түндерде сені жаным ойлағанда
Көзден аққан мөлдір жасты қайтара алмайм

Бәлкім бұл махаббат па білмедім мен
Не де болса іштен тынып келемін мен
Жан дүниемнің жан жарасын жазар адам
Ол сен деп саған жаным сенемін мен

4 шілде, 2012 жыл

Hosted by uCoz