Жалғыздың арманы


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Жалғыздың арманы

Жүрек жатыр жаралы жабырқаулы
Мендегі бар сезімді кім ұғады
Аққан қан арнасына сымай барады
Толқынып сол бір жанды сағынады

Мен кіммін ғашык болған сорлы жанмын
Ғашықтың сырын бірақ ұғынған кім
Сүйген жанның сүйіктісі бола алмаған
Сол адамға болар ма жолығар күн

Қайтем енді келемін шыдап төзіп
Ғашықтар бағын жүрмін жалғыз кезіп
Қайтейін қайтем енді шыдаймын да
Жүр бірақ жолықпасын жүрек сезіп

Кезікпей кеткеніңе көп болдыма
Жүрегім сенсіз жаным көп тоңды ма
Қайтадан кезіктің сен жылдар салып
Кезіктіріп не болды жоғалттым ба

Мейлі сен кете берші қайтем енді
Байлап баққан бақытты болмас мәңгі
Бар үміт бір болмасақ бұл өмірде
Басқа өмірде болармыз бірге мәңгі

11 маусым, 2012 жыл

Hosted by uCoz