Соңғы қоңырау


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Соңғы қоңырау

Қоңырау сыңғырлайды бүгін соңғы
Жастардың жүрегіне үміт қонды
Болашаққа үмітпен алып ұшып
Оқушылық өмірлері бүгін соңғы

Сыңғыр үні сыңғырла қоңыраудың
Болашаққа жол ашар ғажап бұл күн
Жүректері қобалжың күйге түскен
Бітірушілер сезімін ұғынамын

Бітірдіңдер он бір жыл өтіп кетті
Кетесіңдер арманмен көңілдегі
Ақ жол тілеп артыңда қалды мектеп
Дегендей уақыт болса келіп кетші

Қоңырау сыңғыр үнің қандай мұңлы
Үніңнен дүрсіл қаққан жүрек тоңды
Сыңғырлап соғып жатыр қоңырау үн
Кетесің тастап енді мектебіңді

25 мамыр, 2012 жыл

Hosted by uCoz