Жүрегім саған менің жаным ашиды


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Жүрегім саған менің жаным ашиды

Жүрегім жыламашы өтінемін
Мен де соған төзе алмай өкінемін
Жасқа толы жанарды қалай басам
Ақ жауындай көзімнен төгілетін
 
Жүрегім ауыр саған түсінемін
Еске түссе сол сәттер күрсінемін
Жүрегім жабырқаулы жүрсің ғой сен
Адам бар ма өзіңді түсінетін

Шаршадың ғой жүрегім демалшы сен
Өмірі құрсын мына бұлай өткен
Бәрін де жүрегіммен қабылдайтын
Сен емес өткендерге кінәлі, мен

Талпынып тырыссаңда болмайды екен
Аяқтан шалатындар қоймайды екен
Жүрегім-ау саған ғана жаным ашиды
Келесіңғой дауылдарға төзуменен.

15 наурыз, 2012 жыл

Hosted by uCoz