Тағдыр
Жазған жолың осы меді тағдырым
Сұлу қайда мен іздеген асылым
Қайда менің сүйген жаным арманым
Мен аңсаған өмір қайда бал шырын
Тағдырым ау неге жалғыз жүремін
Ел қатарлы қашан ойнап күлемін
Махаббатын бұл өмірден таппаған
Сергелденген сері жігіт мен едім
Көктем келді жер бетіне нұрлана
Мен отырмын тағы өзіңе жыр жаза
Махаббатпен арпалысқан өмірім
Қайда сұлу мен сүйетін қызғана
Берсең тағдыр шын бақытты берші сен
Алдамшы бақытты мен күтпегем
Жазсаң тағдыр ұзағынан жазшы сен
Өткінші мен махаббатты сүймегем
12 наурыз,
2012 жыл |