Сағыныш самалы


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Сағыныш самалы

Сарғайған сағыныштар әлемінде
Мен жалғыз сені аңсап келемін бе
Кім біледі алда не тұр өмір қандай
Бұл өмірден сағынумен өтемін бе

Жүрегім толы менің сағынышқа
Жете алмай келем саған алып ұшпа
Сарғайған сағынышты басып күнде
Жүремін сені ойлап мені ұмытпа

Жаралғанмын мен мүмкін сағыныштан
Қолын бұлғап тұр елесің тым алыстан
Адастырма мені менің сағынышым
Жаралғанғой өмірім сағыныштан

Көруге бір өзіңді асық болып
Сезімімді саған деген шашып төгіп
Өтермін бәлкім мен бұл өмірден
Маңгілік жаным саған ғашық болып

8 ақпан, 2012 жыл

Hosted by uCoz