Соқыр сезім


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Соқыр сезім

Мен қайдамын білмеймін қайда жүрмін
Жоқ дегенге сенбеймін ойлап жүрмін
Қанша сұлу болса да бұл өмірде
Еш бірін де көрмеймін, сен деп жүрмін

Мен көрмеймін сенен басқа еш бірін де
Көңілім де сезімім де тек өзіңде
Көрген сәттен сені қалқам қалдым солай
Ең болмаса жиі енші сен түсіме

Көзім ашық мен көрмеймін бұл әлемді
Бұл бір күйге жүрек шіркін қалай енді
Өз жүрегім өз кеудеме сыймай барады
Бұл бір күйден жаным қалай шығам енді

Неткен сезім білмеймін айтар сөз жоқ
Басқа жанды сүймеймін көрер көз жоқ
Сүйген адам расында да соқыр екен
Соқырларды қайтейін берер ем жоқ

26 қаңтар, 2012жыл

Hosted by uCoz