Ғашықтар жолы


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Ғашықтар жолы

Ұмытылмас өшпес арман сен бе едің
Қиыла қарай жүрегімді тербедің
Өткен күндер арман жолдар жатырғой
Дегендей боп неге жаным келмедің

Кете бердік баққа жүрген қарамай
Кете бердік қайта бұрылып қайрылмай
Неге неге жаным іздеп сені мен
Бақты жүрем жалғыз өзім аралай

Кінә кімнен нақты білмей кеттік біз
Сенде менде кінәсіз боп шықтық біз
Құлай сүйген ғашықтарға лайықты
Сені сүйем деп  жаным кеттік біз

Тағдыр жазған тәлкек жолы осы ма
Осы болса шыдау қиын расында
Маңдайыңа жазған жолмен жүрерміз
Сүйген сәулем сенен өтініш жасыма

13 қаңтар, 2012жыл

Hosted by uCoz