Мүмкіндігім бар ма менің?
Бір мүмкіндік,
берші маған
Алтыным-ау, мен аңсаған,
Мүмкіндігім,
бар ма менің,
Армандаумен, келем
саған.
Келем саған,
алыс қырдан
Жаралғансың
нәзік
нұрдан,
Бір мүмкіндік,
берші маған,
Өзің
үшін,
жаным құрбан.
Өткен
күннің
елестері
Көз
алдыма елестеді,
Бір мүмкіндік,
берші маған,
Күлкі
кетті, сен кеткелі.
Өз-өзімді,
алдап сәулем
Анда-санда, күлімдеумен,
Өткелдерден
өтіп
келем,
Мүмкін
саған,
жетем деумен.
Мүмкіндігім
бар ма менің?
Жауабыңды
мен іздедім,
Жауабыңды
берші маған?
Содан бәлкім
өзгеремін.
Мүмкін, мүмкін...
11.02.2011жыл |