Мен ғашықпын


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Мен ғашықпын

Мен ғашықпын, қалай оны жасыра алам
Сол бір жан, өмірімнен де қымбат маған.
Шын ғашықпын ессіз-түссіз сол адамға,
Бар тілерім, аман жүрсін сол бір адам.

Мен ғашықпын, оның мөлдір көздеріне
Мен ғашықпын, сыңғыр асем күлгеніне.
Мен қуанамын, бұл өмірде тек бір жанға,
Ғашығымның аман-есен, жүргеніне.

Мен ғашықпын,түсіндіру қыйын оны,
Бұндай сезім, болмаған бұрын соңы.
Жүрек шіркін, дүрсілдеп сымай жатыр.
Алып ұшып, көргенше жүрек соны.

31.01.2011 жыл

Hosted by uCoz