Қоштасқым келмейді


Басты бет

 

Өлең жинағына оралу


 

Қоштасқым келмейді

Сезім ба әлде, төзім ба, біле алмадым
Бір көргеннен өзіңді, мені арбадың.
Сұлу жүзің жаным-ау, неткен көркем
Қоштасарда өзіңді мен, қыйа алмадым.

Қыйа алмадым, мөлдіреген көздеріңді
Қыйы алмадым, әсем сыңғыр күлгеніңді,
Қайта-қайта,бір өзіңе қарайлаумен.
Түсіндім мен, өзіңді іздеп жүргенімді.

Түсіндім мен, жылы шуақ келбетіңнен
Сол бір сәтте, маған қарап нұрын төккен,
Түсіндім мен, сол кездегі сөздеріңнен.
Қоштасарда, қыймастықтан жан тербеткен.

Қыймастықтан, қайта айналып келе бердім
Қоштасудын, қыйын сәтін мен сеземін.
Қылықтым-ау, қыймай тұрмын мен өзіңді,
Келген сайын, қыймас қыңыр күйге енемін.

07.12.2011 жыл

Hosted by uCoz