Ақ көйлек
(немесе
той көйлегі)
Киіпсің сен көйлекті
Жарасып-ақ тұр өзіңе.
Қарап саған ой кетті
Ақ көйлектің күші ме?
Неткен бұл құдірет,
Жай ғана бұл көйлекте.
Бұл бір бейне кіруші еді
Түнде менің түсіме.
Бірақ менің түсімде,
Мен тұрғанем қасыңда.
Не болды менің түсіме
Өзге тұрғой қасыңда.
Армандаушек екеуміз,
Қай кезде де кездессек.
Бір күні бізде киерміз
Бізде осылай үйленсек.
Қасыңа мені шақырдың
Кетсеңде сен өзгемен
Жасыңды менен жасырдың
Жүрекпен бәрін сезгенем
Арман қалды арман боп.
Айытшы оған жеттік пе?
Сәулесі батқан күндей боп
Мен отырдым сол кеште.
19.07.2011жыл
|