Адам болу – бір парыз!
Шонжар болсаң кекетпе
Кедейлердің баласын.
Сен де төрткүл дүниеге
Сондай болып шыққансың.
Бастық болсаң кемітпе,
Кекештеніп қаларсың.
Мықты болып секіріп
Мәңгілікке қалмассың.
Кедей болсаң өкінбе,
Жаның таза болған соң
Көкке қарай серпілдеп
Жұлдыз болып жанарсың
Бауыр болсаң бөлінбе,
Көмектесіп тұрмай сен.
Өзге жұртқа күлкі боп
Мазақ болып қаларсың
Ақын болсаң ерекше,
Ел намысын қорғайсың.
Ақша, билік жолымен
Атақ қуып ұшпайсың.
Ғашық болсаң төгіле,
Аққу болып самғарсың.
Әсем қыран биікте
Жүрек ұстап тұрғайсың.
Батыр болсаң еліңе
Тыныштықты сыйларсың.
Жаудың қырсық мінезіне
Семсер ұстап шығарсың.
Кім болсаң да бұл күнде,
Адам болып қаларсың.
Адам болсаң өмірде
Пейіш кілтін табарсың
20 қантар, 2012 жыл |