Бақыттысың ба?
Бақыттысың
ба сен, арманым?
Бақытты ма ол, жаратқаным?
Нөсер жаңбыр сіркіреп
Берер мекен жауабын?
Бақыттысың ба, қарлығашым?
Бақыттысың ба, жан жарым?
Жаңғырығың алысқа естіліп
Күннің ашар мекен қабағын?
Бақыттысың ба, таң нұрым?
Бақытты ма жанарың?
Түндер өтіп біртіндеп
Ұрлар мекен жүректен мұң?
Бақыттысың ба, қарағым?
Бақыттысың ба, маралым?
Өзге кентті мекендеп
Толмай жүр ме көңілің?
Бақыттысың ба, ардағым?
Бақыттысың ба, тағдырым?
Бәлкім күзбен сырласып
Тағзым етер қырау шың?
Бақыттысың ба, аяулым?
Бақыттысың ба, көріктім?
Саған бауыр басып, мәпелеп,
Мәңгі сүйіп тұрғаймын.
11 ақпан, 2011 жыл |