Жыламашы жүрегім


><  

2010


 

Жыламашы жүрегім

Сағынышымсың!
Сенсіз атты бүгін таң.
Жүрегің мұңлы не үшін?
Күлкің қайда аңсаған?

Бақытымсың!
Таусылмады-ау бұл жалған,
Арбап алдың көз нұрын
Саған оттай шашылған.

Қуанышымсың!
Күндер қайда гүл болған?
Әлде ұшып жүрмісің,
Құстай көкке самғаған?

Арманымсың!
Түндер қайда түс болған?
Сезім қайда, қайдасың?
Қапияда көз жұмған.

14 маусым, 2010 жыл

 


 

Оставить комментарий
(нажмите)

Hosted by uCoz