Ұшып кеттің алысқа


><  

2007


   

Ұшып кеттің алысқа

Жаныңда болса шын досың,
Мені қинап ауыртпа.
Күліп, ойнап қаласың
Мәңгі менің ойымда.

Өзге жанды ұнатсаң
Саған қамал қоймаймын.
Айтқым келіп, баталмай,
Талай түндер жылаймын.

Лүпіл соғады жүрегім
Саған ойым бұрылса.
Сенсіз өтеді ғұмырым,
Тағдыр деген осы ма?

Тапсам егер жұбаныш,
Жүрек мәңгі жаралы.
Өмір бойы мұңайып,
Саған іздеу салады.

5
қаңтар, 2007 жыл

 


 

Оставить комментарий
(нажмите)

Hosted by uCoz