Сағыныш


><  

2006


   

Сағыныш

Сағынып кеттім көзіңді,
Күліп айтқан сөзіңді.
Сағынып кеттім деміңді,
Сағынып кеттім өзіңді.

Күннен күнге таусылмай,
Келе жатыр өлеңім.
Сазы нәзік толқындай,
Жылу берер көргенім.

Жасқа толды жанарың

Неткен сұлу көрініс.
Қинамашы, өтінем,
Мен тапсам да жеңіліс.

Жыламашы жүрегім,
Оны көрсең сен шыда.
Теңіз бойын аралап,
Мәңгілікке жол сақта.

Сағынып кеттім, сағындым.
Сенен қалай көз жаздым?
Сағынып кеттім, шаршадым,
Келші маған бақытым.

16 маусым, 2006 жыл

 


 

Оставить комментарий
(нажмите)

Hosted by uCoz