Нәзік жан
Ашсам, жұмсам көзімді,
Сенің бейнең алдымда.
Елестетем өзімді,
Нәзік жанның қолында.
Тартып, жерге түсіріп,
Сыйға тартсам жұлдызды -
Күлкің маған естілер,
Түртіп үлкен сезімді.
Сендей болмас еш нәрсе,
Жаралайтын ойымды.
Таң қалдыратын бір бейне -
Әсемділіктің суреті.
Құстай самғап ұшатын,
Саған қарап биіктен.
Болмай тұр менің қанатым, –
Бұл айтшы маған неліктен ?
Махаббаттың қадамын,
Естіп қалдым жанымнан.
Жатсам, тұрсам - ғажайып,
Шығып тұрсын алдымнан.
12 мамыр, 2005 жыл |