Құпия


><  

2004


 

Құпия

Ауа жетпей, қысылып,
Өкпем жылап алқынады.
Сенсіз өтсе бір күнім,
Жүрегім сені сағынады.

Жарқылдайды көңілім
Тәтті үнің естілсе.
Дем ала алмай кетемін,
Қара көзің төгілсе.

Жұлдызымсың, айымсың,
Қараңғыдағы жарықсың.
Жылу берер күнімсің,
Сезімдегі жалынсың.

Қашан сені көрсем де
Толы журек гүлдерге.
Солай өмір өтеді,
Айтшы жаным бұл неге?

Нәзік жанды бұл ғұмыр
Маған жауап бермейді.
Неге? Қалай? Не үшін?
Құпиямды өртейді!

23 желтоқсан, 2004 жыл

 


 

Оставить комментарий
(нажмите)

Hosted by uCoz